Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

Абай облысында мүгедектігі бар жандардың қажеттіліктері ескерілуде

18-02-2023, 10:04 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жөніндегі арнайы жоспар қолға алынады.

Жоба мүгедек адамдар баратын барлық мәдени, спорттық және әлеуметтік ғимарат пен нысанда кедергісіз ортаны қалыптастыруға негізделді. Бұл міндеттің қалай шешілетінін қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті әкімдік бөлімдерінің басшылары, сонымен бірге, мүгедектігі бар адамдардан құралған арнайы мобильді топ қадағалайды.

️Абай облысында 25,1 мың мүгедек адам тұрады, оның 2,9 мың бала. 5,9 мың жанның тірек-қимыл аппараты бұзылған, 820-сы арбаға таңылған, 4,2 мың адамның көру қабілеті бұзылған, 1 мың адамның құлағы нашар естиді.

Ғимараттар мен басқа да әлеуметтік нысандарды осындай жандардың келуіне бейімдеу үшін нысандарға қолжетімділіктің арнайы картасы (inva.gov.kz порталы) құрылып жатыр, оған әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының бейімделген нысандары енгізіледі. Бүгінде Абай облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 1 252 әлеуметтік инфрақұрылым нысанының қолжетімділігі туралы ақпарат енгізілді.

️Атап айтсақ, 261 нысан арбамен жүретін адамдарға, 278 есту қабілеті нашар, 263 көру қабілеті нашар жандар үшін, 263 тірек-қимыл аппаратында ақауы бар науқастарға қолжетімді.

Аймақта мүмкіндігі шектеулі жандарға инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру және тиісті түрде жабдықталмаған ғимараттар мен нысандарды анықтайтын бақылау іс-шарасы жүргізілуде. Облысымыздағы кедергісіз ортаның аясын кеңейту үшін 2027 жылға дейін тағы 989 нысанды жабдықтау жоспарланған.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев атап өткендей, облыс орталығында халықтың мобильділігі төмен топтардың ыңғайлы жүріп-тұру үшін тиісті инфрақұрылым құру қажет. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Абай облысында алғашқы 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған абилитация және оңалту орталығы ашылды. Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев облысты дамытудың кешенді жоспарына сәйкес Семей мен Аягөзде осындай 2 оңалту орталығын салу жоспарланып отырғанын бөліскен болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив