Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мәжіліс депутаты Абай облысының жастарымен ойынға тәуелділік мәселесін талқылады

5-01-2024, 19:23 018.kz

Мәжіліс депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Руслан Берденов Абай облысындағы Шәкәрім атындағы университетте студенттермен кездесті.

Жиын барысында Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков ойынға құмарлықтың жастар арасында белең алып бара жатқанын атап өтті.

– Зиянды әдеттер және олардың жағымсыз салдары – қазіргі қоғамның жаһандық дерті. Соңғы кездері жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік белең алуда. Біз қоғам болып бұл мәселемен бірге күресуіміз керек. Өйткені мұның астарында адамдардың, олардың отбасыларының, бүкіл халықтың тағдыры жатыр, – деді Думан Орынбеков.

Руслан Берденов студенттерге ойынға тәуелділіктің жағымсыз салдары туралы, сондай-ақ Парламенттегі партия фракцияның жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде айтты.

– Соңғы бір жылда елімізде 350 мыңнан астам құмар ойынға тәуелді адам тіркеліп, 2 мың сайт пен онлайн казино аккаунты бұғатталды. Мемлекет басшысы Үкіметке заңсыз ойын түрлеріне шектеуді күшейтуді тапсырды, – деді депутат.

Руслан Берденов ойынға тәуелділікті азайту және ойын бизнесін шектеу бағытындағы депутаттардың заңнамалық қызметі туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар мәжілісмен Абай облысына сапары аясында «Теплокоммунэнерго» ЖШС жұмысшыларымен, «ҚТЖ» облыстық филиалы – «Жүк тасымалы» АҚ ұжымымен кездесті. «Ақшын» сауда үйінде болып, тұрғындар мен кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін тыңдады. Сайлаушылар айтқан мәселелер Мәжілістегі Respublica партиясы фракциясының жұмысында қаралатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив