Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

2022 жылдың қорытындысы бойынша 25 мыңнан астам IT-маман даярланды

18-02-2023, 12:41 018.kz
2021 жылы іске қосылған «Tech Orda» бағдарламасы өңірлерде IT-білім беруді дамытуды ынталандырды. Соңғы 2 жылда еліміздің 12 өңірінде 20 бағдарламалау мектебі ашылды. 2022 жылы 49 IT-мектепке 3068 грант берілді. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің IT-саланы дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ержанов осындай деректермен бөлісті.
«IT-академиялар Samsung және Huawei сияқты ірі технологиялық компаниялармен бірлесіп іске қосылды, оларда 4000-ға жуық адам оқыды. Сондай-ақ IT саласындағы инклюзивті білімге назар аударылады. Мысалы, министрліктің қолдауымен және қатысуымен «ITeachMe» құзыреттілікті дамыту орталығы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бірқатар білім беру іс-шараларын өткізді. Бүгінгі таңда түлектер саны 500-ге жуық студентті құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЦДИАӨМ білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп 25 мыңнан астам адамды дайындады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10% - ға артық», - деді спикер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив