Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Байланысшылар радиорелелік байланыстың жаңа құралдарын зерделеуде

18-02-2023, 15:37 Думан Кенжеғазыұлы

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің байланыс бөлімшесінде Қарулы күштердің байланысшылары арасындағы жиын аяқталды. Бұл жиынға «Бүркіт» жаңа цифрлық станцияларын зерделеу үшін Қазақстан әскерінің байланыс бөлімшелері қызметіне кіретін радиорелелік байланыстың 30-ға жуық маманы келді.

Төрт күн бойы офицерлер мен келісімшарт әскери қызметшілері теорияда және іс жүзінде әр түрлі мақсаттағы радиорелелік желілер мен байланыс арналарын ұйымдастыруға арналған «Бүркіт» Р-409МЦ станциясының тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеді. 

Аталмыш байланыс машиналары Қарулы күштерге 2023 жылдың қаңтарында әкелінді. Мамандардың айтуынша, бұған дейін радиорелелік байланысты радиорелелік станциялардың көмегімен қамтамасыз еткен. Енді байланысшылар цифрлық жабдықтармен жұмыс істейтін болады.

– Жаңа цифрлық станция деректерді 40 шақырымға дейін қашықтыққа жіберу мүмкіндігіне ие.  Оның өткізу қабілеттілігі шегінде E1 және Ethernet ағындарының трафигін икемді қайта бөлу мүмкіндігі бар. «Бүркіт» Р-409МЦ құралының басты артықшылықтарының бірі – бейнеконференция байланысын ұйымдастыру, сондай-ақ оның параметрлерін дербес компьютер арқылы бақылау және басқару мүмкіндігі, – деді станцияның қызметі жайлы Десанттық-шабуылдау әскерлері 16194 әскери бөлімі байланыс батальонының командирі подполковник Виктор Сенчилов.

«Бүркіт» Р-409МЦ цифрлық радиорелелік станциялары биыл наурыз айында өтетін «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуында іс жүзінде қолданылады. Оқу-жаттығу барысында байланысшылар сондай-ақ байланысты ұйымдастырудың жаңа үлгілерін де сынап көрмек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив