Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Қарулы күштерде парашюттік даярлық қағидалары бекітіледі

12-01-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады. 

Бұл құжаттың жобасы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 159) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлықтың тәртібін айқындау, сондай-ақ 32039 әскери бөлім бөлімшелері жеке құрамының оқу, оқу-жауынгерлік және арнаулы міндеттерді орындауы үшін жеке құрамның, қару-жарақтың, әскери техника мен жүктердің тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 24 қаңтарына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14889597 сілтеме арқылы танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив