Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары талқыланды

13-01-2024, 09:21 018.kz

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті.

Жиынға қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары, төтенше жағдайлар департаменті, «Қазгидромет» филиалы, су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу инспекциясы және «Қазсушар» РМК өкілдері қатысты. Отырыс барысында 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды.

Бүгінгі таңда Абай облысында әртүрлі меншік нысанындағы 95 гидротехникалық құрылым бар, оның 66-сы республикалық меншікте, «Қазводхоз» РМК филиалының балансында – 64, қала және аудан әкімдіктерінің коммуналдық меншігінде – 19, жеке меншік – 10.

«Төтенше жағдайлар департаменті қала және аудан әкімдерімен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Барлық қауіпті аумақтарды анықтап, су тасқынын болдырмау және алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдау қажет», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Сондай-ақ авто-газ құю, газ толтыру және автожанармай құю станцияларында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау шараларын сақтау мәселесі қаралды.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік және төтенше жағдайлар департаменттері тұрғын үйлерге, қоғамдық орындарға және тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне жақын орналасқан жанармай құю станцияларының жұмысын тұрақты бақылауға алу қажет. Біздің басты мақсатымыз тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан барлық объект бойынша мониторинг және тексеру жұмыстарын жүргізіп, жанармай құю станцияларын пайдалану ережелері бұзылған факт анықталған жағдайда тиісті шара қабылдап, болашақта оны болдырмау бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді облыс әкімі.

Жиын қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған хаттама дайындалады.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив