Абай облысында білім беру және энергетика саласында мамандар тапшы
Қазіргі таңда Абай облысында 3975 бос жұмыс орны болса, оның 790-ы тұрақты жұмыс орны. Тұрақты жұмыс орындарының жалақысы 85,0 мыңнан 865,0 мың теңгеге дейін.
Сондай-ақ мемлекет тарапынан субсидияланатын, жалақысы 85,0 мың теңгеден басталатын уақытша жұмыс орындарына 3185-тен астам бос жұмыс орындары бар.
Тұрақты жұмыс орындарына келесі кәсіби бағыттар бойынша кадрларға негізгі қажеттілік анықталды:
- Білім және тәрбие беру – 188;
- Біліктілігі жоқ мамандықтар – 89;
- Өндіріс – 81;
- Медицина және фармацевтика – 51;
- Қаржы және бухгалтерлік есеп – 46;
- Көлік және логистика – 46;
- Энергетика – 46;
- HR және хатшылық – 32;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 23;
- Сауда және қойма шаруашылығы – 21;
-Қызмет көрсету мен сервис– 21;
- Мәдениет және спорт – 19;
- Ауыл шаруашылығы – 16;
- Тамақтану – 14;
- Құрылыс және сәулет – 14;
– Құқықтану – 14.
Жұмысқа орналасу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз https://www.enbek.kz/ru/search/vacancy?region_id=10&sort=oplata немесе 8 (7222) 36-01-99 байланыс нөмірі арқылы хабарласыңыз.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі