Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Қазақстанда Еңбек нарығы бойынша үшінші ұлттық баяндама шығарылды

17-01-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) аналитиктері «Болашақ жұмыс күші: Қазақстанның еңбек нарығындағы жастар» атты Еңбек нарығы бойынша үшінші ұлттық баяндама дайындады. Онда әлемдегі және Қазақстандағы жастармен байланысты демографиялық және көші-қон процестері, жас мамандарды даярлау және жұмысқа орналастыру, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесі ұсынатын мүмкіндіктер туралы өзекті ақпарат жинақталған.

«Жұмыс күші құрылымындағы жастар санының толқын тәрізді өсуінің жаһандық демографиялық үрдісі мемлекеттен, кәсіпорындардан және қоғамнан жүйелі стратегиялық іс-қимылды талап етеді. Жас мамандар еңбек нарығында жетілген жұмыскерлерге қарағанда бәсекеге қабілетті емес, өйткені оларда экономиканың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дағдылар, жұмыс тәжірибесі және тиісті білім жетіспейді», – деп атап өтті ЕРДО президенті Дәулет Арғындықов.

Зерттеу аясында ЕРДО талдаушылары Қазақстандағы жастар еңбек нарығының ағымдағы жағдайы бойынша өзекті ақпаратты жинады.

«Болашақ жұмыс күші» ұлттық баяндамасы алты тараудан тұрады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған және жастармен тікелей байланысты.

Жастар – мемлекеттің болашағын және оның ұзақ мерзімді перспективадағы әлеуметтік-экономикалық табысын айқындайтын мемлекеттің маңызды ресурстарының бірі. 2030 жылға қарай елімізде жастар саны 5,9 млн адамға жетеді, бұл білім беру қызметтеріне, жұмыс орындарына, сондай-ақ тұрғын үй мен медицинаға сұраныстың артуына әкеледі.

Еңбек нарығына жас жұмыскерлердің жыл сайынғы ағыны 300 мың адам деңгейінде болжанады. ЕРДО деректеріне сәйкес, 2030 жылға қарай жастарды жұмысқа орналастырудағы ағымдағы үрдістер сақталса, бірқатар өңірлер жұмыс орындарының тапшылығына тап болуы мүмкін.

Жастар еңбек нарығында жалдамалы және өзін-өзі жұмыспен қамтудың арақатынасы бес жыл бойы өзгеріссіз қалды, атап айтқанда жалдамалы жұмысшылар – 78% және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар – 22%. Сонымен қатар экономика салалары бөлінісінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жастардың жұмыспен қамтылуының төмендеуі аясында қызмет көрсету және сауда саласына еңбекке қабілетті жастардың ағыны байқалады.

Жетілген жұмыс күшімен салыстырғанда жастар еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық және құрылымдық өзгерістерге осал. Зерттеу аясында ЕРДО талдаушылары білім деңгейі мен түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру арасындағы байланысты байқады. Жұмыспен қамтылған жастардың 20%-ға жуығы мамандық бойынша жұмыс істемейді. Диплом мен еңбек міндеттерінің сәйкес келмеуінің салдары жалақының 15%-ға төмендеуіне әкеп соғады. Жүргізілген талдау нәтижесінде мамандарды даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ жұмыс күшінің ішкі ұтқырлығын қамтамасыз ету жөніндегі құралдарды дамыту үшін мүмкін болатын нұсқалар ұсынылды.

Сонымен қатар, білім беру жүйесі жоғары инерттілікпен ерекшеленеді, бұл мамандарды даярлау міндетіне жаңа сын-қатерлер туғызады. Қызметкерлердің жас буыны «work-life balance» және «life-long learning» сияқты жаһандық жұмыспен қамту трендтерінің жақтаушылары. Жас мамандар, әдетте, өршіл, икемді жұмыс кестесін қалайды және мансаптық векторды қайта даярлау және өзгерту мүмкіндіктеріне ашық. Әр түрлі дағдыларды (hard, soft, green skills) алу және дамыту жастарды үнемі өзгеріп отыратын еңбек нарығына жедел интеграциялаудың тиімді әдісі болып табылады. Ұлттық баяндамада еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи дағдыларға шолу жасалады.

Жастардың өзінің қабілетін іске асыру үшін мүмкіндіктер жасау – бұл елдің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізі. Қазақстан еңбек нарығында жас жұмыс іздеушілерді қолдау мен бейімдеудің озық тетіктерін пайдаланады. Соңғы бес жылда республикада жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісімшарты, жастарға арналған гранттар сияқты жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шараларды қолдауға 63 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
1,2 миллионнан астам жас адресаттар болды, олардың 70 %-ы тұрақты жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ, сарапшылар жастарға жұмыс іздеуді өз бетінше жүзеге асыруға, білім алуға және өзекті дағдыларды игеруге, еңбек нарығына шығу үшін қызметтер алуға мүмкіндік беретін ENBEK цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің мүмкіндіктеріне шолу жасады.

Баяндама үшін ақпарат көздері ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының материалдары, Дүниежүзілік Банк, Халықаралық еңбек ұйымы, ЭЫДҰ сияқты халықаралық ұйымдардың жарияланымдары, сондай-ақ халықаралық және қазақстандық талдау институттарының есептері болды.

Enbek.kz цифрлық платформасы негізінде экономиканың түрлі салаларындағы 2,5 мыңнан астам қазақстандық жұмыс берушілерден сұхбат алынды. Белгілі бір мәселелерге әртүрлі көзқарастарды ұсыну үшін әртүрлі салалардан 40-тан астам халықаралық және ұлттық сарапшылардың пікірлері жиналды.

«Біз бұл баяндама жастар үшін, сарапшылар мен мемлекеттік органдар үшін, жалпы қоғам үшін сенімді ақпарат көзі болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті Дәулет Арғындықов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив