Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

ABU студенттері – Халықаралық олимпиада жүлдегерлері

19-02-2023, 11:35 Alikhan Bokeikhan University

Екінші жыл қатарынан Alikhan Bokeikhan University Бизнес және басқару кафедрасының студенттері Мемлекеттік және жергілікті басқау» мамандығы бойынша өткізілген Халықаралық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері атанды.

Олимпиаданы дәстүрлі түрде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Экономика және бизнес» Жоғары мектебінің Менеджмент кафедрасы ұйымдастырды. 

Олимпиадаға Қазақстан, Ресей мен Өзбекстан жоғары оқу орындарынан жалпы жиыны 20-дан астам команда қатысты. Alikhan Bokeikhan University Бизнес және басқару кафедрасы Экономикалық зерттеулер ғылыми орталығының жетекшілігімен олимпиадаға екі бірдей студенттер командасын қатыстырды. Қатысушылар қатарында - С. Жанакелдіұлы, Д. Айқанов, Ж. Дулатов, А. Ахметжанова, Д. Даниялова, Е. Ахметов, Д. Маденов, М. Сериков.

Халықаралық олимпиада нәтижесі бойынша  6В04119 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының студенттер командасы II орынды иеленіп, олимпиада дипломдарымен марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлері - ГМУ-001 тобының студенттері - Жанакелдіұлы Серіккелді (команда капитан), Айқанов Данаел және Дулатов Жалғас. Команданың ғылыми жетекшісі - PhD доктор Қадыров Берік Қайыпқанұлы. 

Бизнес және басқару кафедрасы олимпиадаға белсене қатысқан студенттерімізге алғысын білдіріп, жүлдегер атанған білім алушыларымызды шын жүректен құттықтайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив