Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы

19-01-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Сауда

Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-қазанда $13,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың ($13,0 млрд) сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 0,7%-ке жоғары.

Бұл ретте, Қазақстаннан Италияға экспорт 2023 жылғы қаңтар-қазанда $12,1 млрд құрады.

Келесі тауарларды жеткізу көлемінің өсімі байқалды: бидай – $67,3 млн-нан $158,2 млн дейін, тас көмір – 0-ден $5,2 млн дейін, титан мен одан жасалған бұйымдар - $0,7 млн-нан $3,9 млн дейін, басқа өсімдік майларын алу кезінде алынған қалдықтар - $0,2 млн-нан $2,8 млн дейін, желімделген фанера - $0,3 млн-нан $2,2 млн дейін.

Қазақстаннан Италияға баратын экспорттың негізгі тауарлары:

шикі мұнай - $11,8 млрд (97,4% үлеспен),

бидай - $158,2 млн (1,3%),

ферроқорытпалар - $91,3 млн (0,76%),

өңделмеген алюминий - $27,7 млн (0,23%).

Италиядан Қазақстанға импорт 2023 жылғы қаңтар-қазанда 32,4%-ке өсіп, $1 млрд құрады.

Импорттың өсімі қара металдардан жасалған жіксіз құбырлар, түтіктер және профильдер - $15,8 млн-нан $64,0 млн дейін, тракторлар және ертоқым тартқыштар - $1,1 млн-нан $43,0 млн дейін, өзге де тамақ өнімдері - $7,1 млн-нан $36,2 млн дейін, топырақты сұрыптауға және ұсақтауға арналған жабдық - $7,1 млн-нан $20,1 млн дейін, машиналар және арнайы мақсаттағы механикалық құрылғылар - $6,3 млн-нан $17,4 млн дейін, бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдар және олардың бөліктері - $7,8 млн-нан $17,6 млн дейін, шоколад және құрамында какао бар басқа да дайын тамақ өнімдері - $3,4 млн-нан $12,8 млн дейін сияқты тауарларды Италиядан әкелу көлемінің артуына байланысты болды.

Италиядан Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары:

бөлшек саудада сату үшін буып-түйілген дәрілік заттар - $74 млн (7,1% үлеспен),

қара металдардан жасалған жіксіз құбырлар, түтіктер және профильдер - $64 млн (6,2%),

құбырларға арналған арматура - $56,8 млн (5,5%),

тракторлар мен ертоқым тартқыштар - $43 млн (4,1%),

өзге де тамақ өнімдері - $36,2 млн (3,5%),

вакциналар, қан сарысулары, қан - $28,3 млн (2,7%),

топырақты сұрыптауға және ұсақтауға арналған жабдық - $20,1 млн (1,9%),

бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдар және олардың бөліктері - $17,6 млн (1,7%).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив