Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу мәселесі қаралды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Жиынға Семей қаласының әкімі, басқарма басшылары, ТЖ департаментінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында Ертіс өзенінде мұздың жиналуы салдарынан су деңгейінің көтерілуі мәселесі қаралды.
Бүгінде құзырлы органдармен барлық тиісті жұмыстар жүргізілді. Қазір су деңгейі 471 см, сыртқы ауа температурасы -10 градус.
Абай облысының ТЖД барлық құрылымдық күші күшейтілген режимге көшті. Су деңгейі көтерілген жағдайда Бейбітшілік аралындағы тұрғындарды эвакуациялау орындары, үй жануарларын апаратын жерлер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған хаттама дайындалып, жауапты мекемелерге жолданады.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі