Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстандық автотасымалдаушылар Беларусь-Ресей шекарасын «Езерище-Лобок» учаскесі арқылы өте алады

20-01-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстаннан жүк тасымалдаушыларды Беларусь-Ресей шекарасы арқылы өткізу «Езерище-Лобок» учаскесі арқылы ғана жүзеге асырылады.

Еске салсақ, РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметкерлері 2023 жылдың 12 желтоқсанынан «Рудня» шекара өткелі арқылы қазақстандық тасымалдаушылардың екі бағытта да өтуіне тосқауыл қойды. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық жүк тасымалдаушылары үшін Ресей-Беларусь учаскесіндегі «Красный камень», «Красная горка» шекара өткелдері арқылы жүру шектелді. Бұл ретте 8 қаңтарға дейін РФ ФҚҚ Шекара қызметі белгілі бір кезеңділікпен шетелдік тасымалдаушыларға жол жүруге рұқсат берді.

Ұлттық палата Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағымен бірлесіп, ҚР мемлекеттік органдарына жағдайды шешу туралы өтініш білдірді.

8 қаңтардан бастап қазақстандық жүк тасымалдаушылары үшін «Красный камень», «Красная горка» шекара өткелдері арқылы өтуі толығымен бұғатталған. Қазақстандық тасымалдаушылар РБ және РФ арқылы Еуропадан Қазақстанға, Беларусьтен Қазақстанға және кері бағытта транзиттік тасымалдарды жүзеге асыра алмады.

Қазіргі кезде Ресей мемлекеттік органдары тарапынан Ресей-Беларусь шекарасындағы шектеу туралы ресми хабарлама жоқ. Бұл ретте осы шекаралық өткелдер екіжақты екені және Ресей мен Беларусь азаматтарына ғана арналғаны анықталды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, ҚР Үкіметі Ресей мен Беларусь аумағы арқылы қазақстандық автокөлік құралдарының транзиті проблемасына  жедел әрекет етті.

«Ресей Федерациясының бақылаушы органдарының әрекеті қазақстандық тасымалдаушылар үшін ЕАЭО кедендік аумағы бойынша әкімшілік кедергілер мен дискриминациялық жағдай туғызды. Шекарада 100-ге жуық қазақстандық жүк көлігі жиналды. Күн райына байланысты жүргізушілердің денсаулығына қауіп төнді. «Атамекен» ұлттық палатасы орын алған жағдайды шешу үшін ҚР Сауда және интеграция вице-министріне тікелей жүгінді. Барлық көлік ағыны «Езерище-Лобок» өткеліне қайта бағытталды. Бірлескен күш-жігердің көмегімен қазақстандық жүк көліктері шекарадан өте алды», – деді Тимур Жаркенов.

Сонымен қатар, «санкциялық» тауарларды әкелу мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Өйткені «Езерище-Лобок» шекаралық өткелі навигациялық пломбалар орнатылуы мүмкін пункт ретінде айқындалмаған. Осы бағытта жұмыс жалғасып жатыр.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив