Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Семей қаласының ТЖ басқармасы балықшыларға қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салады

22-01-2024, 10:09 018.kz

?Жолға шығарда, ауа-райы жағдайын, жол жүру үшін жолдардың ашық болуын қадағалаңыз. Ол үшін «Darmen» мобильді қосымшасын жүктеңіз.
?Автокөлікті жағалауда қалдырыңыз.
?Мұздың беріктігіне көз жеткізіңіз, жаяу жүргіншілер үшін оның қалыңдығы 7 см-ден кем болмауы қажет және мөлдір болуы керек.
?Мұз бетіне тәуліктің күндізгі уақытында ғана шығыңыз.
?Мұздың үстінен өсіп тұрған өсімдігі, бұлақ, өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік ағынды сулары құйылатын жерлерден сақ болыңыз.
?Міндетті түрде өзіңізбен бірге ұялы телефоныңызды, қосымша киім және ұзындығы 12-15 метр арқан алып жүріңіз, оның бір жақ ұшында ілмек, екіншісінде салмағы 400-500 грамм жүк, бір жағдайға ұшырған кезде, оның ұшын лақтыру қажет, сонда сізді құтқара алады.
?Мұз бетінде 5-6 м. интервалмен тізе бүгіп жүру қажет. Жағаға мұзға шыққан бағытпен қайта оралу қажет.
?Арқалаған жүкті, мұз жарылған жағдайда одан тез босатылып шығуға болатындай ғана алу керек.
?Мұз бетінің шағын алаңында үлкен топтармен жиналмаңыз.
?Шектелген учаскеде көп шұңқыр бұрғыламаңыз, шұңқырлар арасындағы арақашықтық 5-6 метрден аспауы қажет.
?Егер де мұз астына түсіп кетпеңіз, үрейге берілмеңіз.
?Алдымен мұз үстіне бір аяғыңызды, сосын екіншісін шығарып алыңыз.
?бүкіл денеңізбен мұз үстіне шыққаннан кейін, абайлап, қауіпсіздік жерге жылжи беріңіз.
 
?Жүзу құралдарын пайдалану кезінде мынаған тыйым салынады:
?техникалық ақауы бар құралдарды пайдалану;
?құтқару және су төгетін құралдарсыз жүзуге шығу;
?жүзу құралдарын жегу; 
? мас күйінде жүзуге шығу;
?16 жасқа дейінгі балаларға үлкендерсіз жүзуге шығу;
?жүзу құралының ернеуіне отыру, бір орыннан екінші орынға отыру;
?жүзу құралдарын түнгі уақытта пайдалану.
???ТЖ туындаған кезде 112-ге хабарласыңыз

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив