Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Италия мен Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығы

22-01-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

2005 жылдан бастап 2023 жылғы 9 айға дейінгі кезеңде Италиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағынының көлемі $7,4 млрд құрады. Оның ішінде, 2023 жылдың 9 айында инвестициялардың жалпы ағыны $107,4 млн болды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3%-ке артық.

Сонымен қатар, Италиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың таза ағыны 2013 жылдан бастап $1,3 млрд дейін жетті. Ал 2023 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш $73,2 млн құрады.

2013 жылдан бастап 2023 жылдың 9 айына дейін Қазақстаннан Италияға инвестициялардың жалпы ағынының көлемі $62 млн.

Қазақстанда итальяндық инвесторлар энергетика, геологиялық барлау және табиғи ресурстарды өндіру, құрылыс, инфрақұрылым, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларды іске асырып келеді.

Елімізде инвестициялық жобаларды іске асыратын ірі италиялық компаниялардың ішінде «Bonatti» (мұнай-газ саласы), «Cimolai» (металл құрылымдары), «Eni» (мұнай-газ саласы және ЖЭК), «Neos» (әуе тасымалдар), «Petrol Valves Group» (клапандар өндірісі), «Renco» (құрылыс), сондай-ақ «Savi Italo» және «Tre-Bio» (АӨК) ерекше атап өткен жөн.

Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына сәйкес, қазіргі уақытта елде итальян инвесторлардың қатысуымен кемінде төрт инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда:

Ақтөбе облысында «Eni» компаниясының "Бадамша-2" жел электр станциясын салуы (36 млрд теңге);

Түркістан облысында «Eni» компаниясының «Шәуілдер» күн электр станциясын салуы (12 млрд теңге);

Ақтөбе облысында «Сormatex» компаниясының қой жүнінен өндіру зауытын салу (5 млрд теңге);

Ақтөбе облысында жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт салу (5 млрд теңге).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив