Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Көкпекті ауданында спорт қарқынды дамып келеді

23-01-2024, 11:18 018.kz

Көкпекті ауданында қысқы спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын жүзеге асыру жұмысы ұйымдастырылды. Жалпы ауданда хоккей және шаңғы жарысы бағытында ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында спартакиада, жолдастық кездесулер белсенді өтіп жатыр.

Қазіргі таңда аудан мектептерінде 50 жұп шаңғы, 44 дана коньки және 61 хоккей формасы бар. Сондай-ақ, 18 білім ошағында 10 хоккей алаңы, әр ауылда шаңғы қорабшасы орналасқан.

Ауданда балаларды спортқа баулумен үш мекеме айналысады. Ұлттық спорт ойындары орталығындағы 7 үйірмеде 60-тан астам бала ұлттық ойындарға қатысады. Сонымен қатар, балалар шығармашылық сарайының 4 спорттық үйірмесінде 100 аса бала білім алса, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің 8 спорт үйірмесінде 796 бала білім жаттығады.

Анықтама үшін: аудан халқының саны 13 685 адамды құрайды. Оның ішінде жалпы халықтың 41,8% құрайтын 5623 адам дене шынықтыру және спортпен айналысады. Көкпекті ауданына 9 ауылдық округ пен 28 елді мекен кіреді, онда 18 мектеп орналасқан. Көкпекті ауданының спорт ғимараттарының желісі 55 спорт нысанын құрайды, оның ішінде балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 3 спорт залы, мектептерде 17 спорт залы, 10 хоккей қорапшасы, 1 кіріктірілген спорт залы (Толағай ауылы), 23 жазықтық құрылым бар. Дене тәрбиесі кадрлары бойынша ауданда 79 спорт маманы қызмет атқарады. Жалпы орта білім беретін мектептерде – 51 мұғалім, спорт мектебінде – 24 жаттықтырушы, спорт бойынша әдіскерлер – 2, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде – 2 маман қызмет атқарады.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив