«Respublica» партиясы бір жыл ішінде ауқымды істер атқарды
Қайырлы күн, Алмас Виленұлы бүгінгі сұхбатымызға келгеніңізге алғыс білдіреміз! Бірден сұраққа ойыссақ, «Respublica» партиясы өткен сайлауда үшінші орынға табан тіреді. Жалпы, партияның миссиясы қандай және сайлауалды бағдарламаларыңыз туралы не айтасыз?
- Рахмет, қайырлы күн! Партия осыдан 1 жыл бұрын Қазақстан Республикасының саяси аренасына тыңнан қосылды. Мемлекет басшысының көппартиялы жүйе болуы өте орынды деп ойлаймын. Біз метапартиямыз. Цифрлық көшпенділер, Жаңа Қазақстан халқы, өздерін Еуропа мен Азияға тиесілі сезінетін Орталық Еуразия тұрғындары болуы шарт. Біздің басты міндетіміз еліміздің жарқын болашағы сөз жүзінде қалмауы керек. Саясаткерлер әрбір қазақстандықтың өміріне тікелей әсер етуі керек. Бақытты болатын кез келді. Ал, сайлауалды бағдарламамыз қоғамның бақытты болуына негізделген. Білімді ұлт – бақытты ұлт, дені сау адам – бақытты, Қазақстан мәдениеті – бақытты қоғам негізі, бақыт – бұл әр үйдің құт-берекесінің артуы, бақытты қазақстандықтар – бақуатты қазақстандықтар. Міне осындай бақытты қоғам құруға талпынудамыз.
Партияның филиалы сайлауалды үгіт-насихат кезінде белсенді жұмыс атқарғанын көрдік. Енді ғана қадам басқан партияға бұл науқан қалай әсер етті?
- Бақытты қоғам құруға деген жаңа адамдардың шын ниеті мен ықыласына партияның құрылуы өзі сұранып тұрған тәрізді болды. Бір айдың ішінде белсенді азаматтар қатарға қосылып 200 – ге жуық үгіт-насихат шараларын жүргіздік. 100 000 – ға жуық аймақ тұрғындарын қамтыдық. 1000-ға жуық жазбалар әлеуметтік БАҚ беттерінде жарияланды. Осы негізде Абай облысы бойынша 12 000 -нан астам дауыс жинап, екінші орынға тұрақтадық. Қазір 1 облыстық, 1 қалалық, 1 аудандық мәслихаттарда депутаттарымыз бар. Жалпы бір мандатты округтерден сайлауға түсу азаматтардың қоғамдық белсенділігін оятуға жоғары серпін берді.
Партия филиалындағы қызмет көп жауапкершілік жүктейді. Жыл көлемінде қандай қызметтер атқарылды және қандай жоспарларыңыз бар?
- «Егер есті кісі қатарында болғың келсе, өткенге ой жібер, «күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал» - деп хәкім Абай атамыз айтқандай атқарып жатқан кез-келген істі бастамас бұрын оны сараптап, қоғамдық өзектілігін айқындап барып атқарған дұрыс деп ойлаймын. Осы орайда, «Respublica» партиясының Абай облыстық филиалы жиыны 40 қоғамдық іс-шара, 30 бұқаралық ақпарат беттеріне жариялым шығарды. Басты күшіміздің бірлікте екенін көрсетіп, Семей орманы резерватындағы өрт салдарынан болған оқиғаға 3 млн теңге көлемінде гуманиталық көмек жасаған екенбіз. Сондай-ақ, Республикалық «Алаш және ұлттық мемлекет моделі» тақырыбында жас ғалымдар, алаштанушылардың симпозиумын өткіздік. Бұндай қоғамның өзектілігін сақтайтын жұмыстар әлі де жалғаса беретін болады. Алдағы уақытта, IT стартаптарды қолдау және жоғарыда айтқанымыздай партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде бірқатар жұмыстар күтіп тұр. Айта кететін тағы бір жайт, Республика партиясы кезектен тыс III съезінде «Respublica jastary» жастар бірлестігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл қозғалыс 18 бен 35 жас аралығындағы белсенді азаматтық ұстанымы бар, ғылыммен, спортпен, шығармашылықпен, кәсіпкерлік және басқа да қызмет бағыттарымен айналысатын жастарды біріктіреді. Сондықтан, алдағы уақытта партияның жастар резерві құрылатын болады.
Алмас Виленұлы сырлы сұхбатыңызға көп рақмет! Іс ілгері болып, халықтық мәселелерді жоғары мінберде көтеріп жүре беріңіздер! Сәттілік тілейміз!
Сұхбаттасқан, Думан КЕНЖЕҒАЗЫҰЛЫ
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыСемей қалалық мәслихатына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Мемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзі