Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Тәртіп сақшылары мен қоғам белсенділері интернеттегі алаяқтық мәселесін талқылады

22-12-2023, 15:27 Думан Кенжеғазыұлы

Әлихан Бөкейхан атындағы университте қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаевтың, қала прокурорының орынбасары Ренат Қазықановтың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ҚСК, ОСИ, блогерлер және БАҚ өкілдері «Интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шара аясында қалалық полиция бастығы Қайрат Әбдіғалиев қоғамда еңбегі сіңген белсенділерді атап өтіп, Алғыс хаттар табыстады.

Алаяқтық әрекеттердің жолын кесу бойынша үлкен жұмыстарға, оның ішінде полиция қызметкерлері жүргізіп жатқан ағартушылық және профилактикалық іс-шараларға қарамастан, азаматтар өз ақшаларын оларға аудару арқылы қылмыскерлердің құрбанына айналуда.

Биылдың өзінде 700-ге жуық отбасы мүшелері 125 миллион теңгеден астам ақшаны алаяқтардың қолына берген.

«Сіздің аккаунттарыңыздағы жазылушылардың санын, олардың танымалдылығы мен өзектілігін, сондай-ақ үнемі мазмұнды толықтыруды ескере отырып, интернеттегі алаяқтықтың алдын алуға көмектесулеріңізді сұраймыз. Алаяқтықтың алдын алу турады үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек», - деді Қайрат Әбдіғалиев блогерлерге.

Шара соңында жиналғандарға киберқылмыстан қалай қорғану керектігі туралы қарапайым кеңестер мен киберқылмыскерлердің қолынан жапа шеккен жағдайда қайда жүгіну керектігінің алгоритмі жазылған парақшалар таратылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив