Антикордың Превенция қызметі басшысы Абай облысының кәсіпкерлерімен кездесті
Абай өңіріне жұмыс сапарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметі басшысы Саян Қылышұлы Ахметжанов келді.
Ол облыстың кәсіпкерлерімен кездесіп, жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңашылдықтарын түсіндірді. Жиын барысында кәсіпкерлерді әуре-сараңға салатын әкімшілік кедергілердің алдын алу және бизнес саласындағы парасаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.
Саян Ахметжанов өз сөзінде бизнесті қорғау бойынша 3 бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Ал, жергілікті департамент басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов бизнесті қорғау аясында артқарылған жұмыстың нәтижелерін баяндап, нақты мысалдарға тоқталды.
Мәселен, жергілікті атқарушы органдар облыстың 100 жуық шаруа қожалықтарының жер телімдерін жалға алу келісім шарттарында құқықтарын шектеп, гүл сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлерге жер телімдеріне жалдау мерзімдерін ұзартпай әуреге салған.
Алдағы уақытта мұндай шаралар кәсіпкерлік субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы иммунитетін арттыруы тиіс.