Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Бесқарағай ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

31-01-2024, 17:04 018.kz

Бесқарағай аудандық мансап орталығы және аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараға 13 жұмыс беруші мен 60-тан астам үміткер қатысты.

Жәрмеңке нәтижесінде мансап орталығының мамандары 2 адамға тұрақты жұмыс орнына орналасуға арналған жолдама табытады.

Сондай-ақ, 50-ге жуық тұрғын жұмыс берушілерден пайдалы кеңес ала алды. Сондай-ақ, Бесқарағай колледжінің 28 бітіруші түлектеріне жастар практикасы бойынша және алғашқы жұмыс орнына тиісті жолдамалар ұсынылды.

Айта кетсек, Бесқарағай өңірінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл тұрғындардың жұмысқа орналасуына, жеке және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив