Абай облысында медицина мен өндіріс саласында мамандар тапшы
Бүгінгі таңда облыста 4399 бос жұмыс орны болса, оның 848-і тұрақты жұмыс орны, 3551-і уақытша (мемлекеттік субсидияланатын) бос орындар.
Жалпы орта білімнен жоғары біліміне қатысты талап қойылады. Тұрақты кәсіптік жұмысқа қажетті қызметкерлердің негізгі үлесіне мыналар кіреді:
- Білім және тәрбие беру – 153;
- Өндіріс – 120;
- Біліктілігі жоқ мамандықтар – 85;
- Медицина және фармацевтика – 57;
- Көлік және логистика – 58;
- Энергия – 55;
- Қаржы және бухгалтерлік есеп – 45;
- Кадр және хатшылық – 33;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 28;
- Қызметтер мен сервис – 26;
- Сауда және қойма шаруашылығы – 23;
- Құрылыс және сәулет – 23;
- Мәдениет және спорт – 18;
- Тамақтану – 17;
- Ауыл шаруашылығы – 16;
- Мұнай, газ, шикізат өндіру – 16;
- ІТ және телекоммуникация – 15;
– Құқықтану – 15.
- Ғылым және консалтинг – 10;
- Әлеуметтік қызметтер – 9;
- Маркетинг және БАҚ – 5;
- Қауіпсіздік және төтенше жағдайлар – 4.
Өтінімдерді қабылдау мен конкурс қайта құрылған облыстық басқармаларды тіркеу аяқталғаннан кейін басталады.
Жұмысқа орналасқыңыз келсе, https://www.enbek.kz/ru/search/vacancy?region_id=10&sort=oplata сілтемесі бойынша өтуіңізге немесе мына телефонға хабарласуыңызға болады: 8 (7222) 36-01-99.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі