Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай облысы құрамасы робототехникадан Орта Азия чемпионатына жолдама алды

1-02-2024, 13:55 018.kz

Алматы қаласы Tamos мектебінде робототехника бойынша FIRST Championship өңірлік іріктеу чемпионаты өтті. Чемпионатқа елімізден 38 команда қатысты. Екі күндік жарыста Абай облысының «АLASH» құрамасы топ жарып, жүлделі 2-орын иеленді

Чемпионаттағы үздік командалар ақпан айының соңында Астанада өтетін FIRST Орталық Азия кезеңіне жолдама алды. Облыс командасы Азия чемпионатында республика намысын қорғайды.

Электротехникалық колледж студенттері мен Абай ауданы Ш.Әбенов атындағы мектеп оқушыларынан жасақталған команда құрамы: колледж студенттері - Азамат Бейбітұлы, Нестеренко Руслан, Нұрбол Жүнісов, Бекжан Қорғамбаев.

Мектеп оқушылары: Ералы Сырымұлы, Санжар Асқарұлы, Елдар Оразбеков, Жанболат Қайроллаев.

Чемпионат Қазақстан мен Өзбекстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам қатысушының басын қосты. Үш бағытта өткен жарыста қатысушылар өнер тақырыбы бағытында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды және арнайы жабдықталған алаңдардағы Роботтар шайқасында шайқасты.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив