Абай облысының әкімі Шәкәрім университетінің студенттеріне дәріс оқыды
Биыл Шәкәрім атындағы университетке 90 жыл толып отыр. Мереке аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Осы орайда облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Білімді жастар – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты қозғаушы күші» тақырыбында дәріс өткізіп, жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, болашаққа деген көзқарасын білдірді.
Дәріс барысында облыс әкімі IT саласы мен жасанды интеллектті дамыту жоспарына тоқталды. Ол креативті индустрияның және жастардың ғылыми зерттеулері мен стартаптарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Студенттер өз кезегінде жастар бағдарламасы, ғылым, ақпараттық технологиялар, креативті индустрия және т.б. салаға қатысты сауалдарын қойды.
Айта кетсек, жиналғандар үшін ғылыми көрме ұйымдастырылды. Университет студенттері әзірлеген стартап, жоба мен бағдарламалар ұсынылды. Аймақ басшысы Радиоэкологиялық ғылыми-зерттеу орталығында да болды. Зертхананың қызметі химиялық талдау, сканерлік электронды микроскопия, дозиметрия және радиациялық бақылауды қоса алғанда, аналитикалық әдістерді қолдана отырып, заттардың қасиеттерін зерттеуге бағытталған.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі