Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жұмыссыз азаматтар мен жұмыс берушілер үшін ақпарат

8-02-2024, 16:41 018.kz
• ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ – оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде алған кәсіп (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін 35 жастан аспайтын білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған уақытша жұмыс орындары. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы 30 АЕК (салықтар, міндетті әлеуметтік аударымдар және банктік қызметтерді қоса алғанда). 
• ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР – мансап орталықтары ұйымдастыратын, жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылатын еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімді құрайды, 20 (жиырма) АЕК төмен емес.
• ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ – жеке меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдарда тиісті қаржы жылына жалақының 35%-ы мөлшерінде жалақы бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайды, субсидияланатын уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады. Мамандық талабы: біліктілігі төмен мамандықтар бойынша ұйымдастырылмаған. Ұзақтығы: 12 айдан аспайды.
• АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ – 35 жастан аспаған жастарға алғашқы жұмыс орнында кәсіби білімі мен тәжірибе жинау үшін арналған жұмыс. Қатысушылар: 35 жастан аспаған жұмыссыздар, оның ішінде еңбек өтілі жоқ жастар. Ұзақтығы: 18 айдан аспайды. Еңбекақы мөлшері 30 АЕК (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және банктік қызметтерді қоса алғанда) құрайды.  Жұмыс берушінің тұрақты жұмысқа орналасу бойынша міндеттері: жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыздарды кемінде 12 ай мерзімге жұмысқа орналастыру.
• ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ - зейнеткерлік жасқа 6 ай қалған жұмыскерлердің жинақталған тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін арнайы құрылған жұмыс орны. 6 айдан кейін жұмыссыз кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі немесе зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерді ауыстырады. Қатысушылар: оқу орнын 3 жыл ішінде аяқтаған және 35 жастан аспаған жұмыссыздар. Ұзақтығы: 6 айдан артық емес жалақы субсидия мөлшері: 30 АЕК кем емес. Жұмыс берушінің тұрақты жұмысқа орналасу бойынша міндеттері: жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыз адамды тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос лауазымға ауыстырады.
• КҮМІС ЖАС – 50 жастан асқан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші құратын жұмыс орны. Кәсіби талап: біліктілігі төмен мамандықтар бойынша ұйымдастырылмаған.  Ұзақтығы: 36 айдан аспайды. Жалақы/субсидия: жалақының 
1) (1-ші айдан бастап 12-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінің 
70%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
2) (13-ші айдан бастап 24-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен 
65%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
3) (25-ші айдан бастап 36-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен 60%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Жұмыс берушінің тұрақты жұмысқа орналастыруға міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз: Қозбағарова к. 40,                     
№ 109 кабинет, анықтама үшін телефон: 32-93-15, 36-07-41 Instagram:    mo_semey_qalasy

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив