Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Семейде жасөспірімдер арасында шахматтан облыстық чемпионат басталды

21-02-2023, 09:02 Думан Кенжеғазыұлы

Турнирдің ашылу салтанатына жас спортшылар мен облыс әкімдігінің өкілдері қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында жиналған шахматшылар алдында облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының маманы Меруерт Әженова сөз сөйледі.

️Абай облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Рахымтай Абақов шахматтың өте қиын ойын түрі екенін, сондықтан шахматқа құмар жандарды зиялы деп атауға негіз бар екен айтты.

– Мұндай турнирлерді өткізу, әсіресе, жаңадан ашылған облысымыз үшін өте маңызды. Шахмат – ерекше ойын, ол толығымен интеллектуалдық қабілеттерге және стратегиялық ойлаумен байланысты. Сіздердің әрқайсыларыңызды республикалық чемпионатта облысымыздың атынан өнер көрсетуге лайықты деп есептеймін. Сәттілік тілеймін, – деді Рахымтай Абақов.

️Жүзден жүйрік шыққандар ҚР чемпионатында Абай облысының намысын қорғайтын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив