Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
491.71 529.97 5.05

Шәкәрім шаңырағында «Толық адам» кітабының таныстырылымы өтті

14-02-2024, 15:23 SHAKARIM UNIVERSITY

Бүгін Абай облысының іргелі жоғары оқу орны Shakarim University 90 жылдық мерейтойы аясында филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы-ғалым Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбайдың «Толық адам» кітабының тұсаукесер рәсімін өткізді. Рәсімге университет басшылығы, зиялы қауым өкілдері, әдебиет жанашырлары, ғылыми қызметкерлер және білім алушылар қатысты.

«Толық адам» деген ортақ атпен ұсынылып отырған кітап – Абайдың шығармашылық өміріне, көркем әлеміне және ойлау жүйесіне мен психологиясына қатысты ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеу еңбектерінің тұжырымы. Аталған кітап абайтанушылар мен қоғамтану ғылымы саласының мамандарына және жалпы көпшілік қауымға арналған.

Өз кезегінде Тұрсын Жұртбай Хакім Абайсыз, ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлы, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов сынды әдебиет әлеміндегі алыптар болмайтындығын ерекше айтты.

Тұсаукесер рәсімінің Шәкәрім университетінде өтуінің символдық маңызы зор. Бүгінде білім ордасының басты миссиясы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман мен Абай аңсаған кемел тұлғаны қалыптастыру. Мемлекет басшысы өз сөзінде адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алатындығын ерекше атап өткен. Осы ретте, оқу орны «Толық адам» тұжырымы аясында бірқатар іс-шаралар кешенін өткізуде.

Жиында Тұрсын Құдакелдіұлының абайтану іліміне қосқан зор үлесі, Алаш қайраткерлерін зерттеуі мен ғалымдық жолы айтылды. Ғалым бұрын сонды «абайтану» мен «әуезовтануда» белгісіз болған көптеген құнды деректерді ғылыми айналымға енгізді.

Кітап – абайтану ілімінде бұрын мүлдем қаперге алынбаған әдістемелік талдау. Соған орай, Абайдың таным көздері туралы жаңа деректер мен дәйектер де бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив