Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
536.32 626.9 6.6

Нұртай Сабильянов Көкпекті ауданының тұрғындарымен кездесті

21-02-2023, 12:37 018.kz
Абай облысының бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сабильянов Нұртай Салихұлы үгіт-насихат жұмыстарының екінші күнін Көкпекті ауданында жалғастырды. Үлгілі Малшы, Көкпекті, Көкжайық ауылындағы халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
 
Кандидаттың бағдарламасында Көкпекті өңірінің мәселелеріне тікелей қатысты жоспарлар айтылған. Мысалы «Қалбатау-Майқапшағай» жолының құрлысын жеделдетіп аяқтау жөнінде ұсыныс енгізу, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, сынды жоспарларымен бөлісті. 
 
Сондай-ақ, облыстық, аудандық маңызы бар тозығы жеткен жолдарды жөндеу үшін де кандидат ұсыныстар енгізетіндігін айтты. Ол мақсатқа бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын қадағалау тетіктерін жетілдіру керектігіне тоқталды.
 
Тапсырыс беруші: Н.С. Сабильянов
Абай облысының бірмандаттық №8 аумақтық сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұртай Сабильяновтың сайлау қорынан төленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив