Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.12 498.99 5.55

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті

16-02-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Кеңесте ақсақалдар елдегі патриотизмді, қоғамдық келісімді дамыту мәселелерін талқылады.

Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өз сөзінде ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік пен байланыстықтың, сондай-ақ құндылықтарды, тәжірибе мен дағдыларды аға буыннан кішіге берудің маңыздылығын атап өтті.

«Уақыт тез өзгеруде, бірақ білім мен тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беру біздің ұлттық болмысымызды, тарихи және мәдени мұрамызды, әдет-ғұрыптарымыз бен дәстүрлерімізді сақтауға көмектеседі. Қоғам игілігі үшін еңбек етуге ұмтылғаны үшін барлық қатысушыларға алғыс айтамын», - деді Айдар Садырбаев.

Конференция қорытындысы бойынша ақсақалдар кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, белгіленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив