Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынүймен қамтамасыз ету» мәселесі туралы «Семей қалалық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Диана Шаяхметова баяндады.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй есебінен мұқтаж азаматтар ретінде есепте тұрғандарға баспана кезек тәртiбiмен берiледi.
Қорытындылай келе, 2022 жылы кезекте тұрған азаматтарға Қарағайлы шағын ауданынан 128 пәтер берілсе, 2023 жылы кезекте тұрған азаматтарға 211 пәтер берілген. Сондай-ақ, Ұшақтар және Комсомол кентінен көп балалы отбасыларға арналған 108 пәтер, Қарағайлы шағын ауданынан барлық санаттағы азаматтарға арналған 103 пәтердің кілті табысталған. Ал, 2024 жылдың 1 жартыжылдығының жоспары бойынша, шағын ауданда 77 пәтер беру көзделіп отыр.
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі