Семейде азаматтық қоғам өкілдері Президент тапсырмасының негізгі бағыттарын талқылады
2024 жылғы 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды. Осыған орай, азаматтық қоғам өкілдері Президент тапсырмасының негізгі бағыттарын талқылады.
Диалог алаңына үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді жастар қатысты. Шара барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, ел дамуының стратегиялық мақсаттары жайлы сөз қозғалды.
«Баршаңызға мәлім, Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған нақты міндеттер айқындалды. Халық пен билік арасындағы ашықтықты одан әрі нығайта түсуге үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол, осы бағыттағы жұмысты жандандыруымыз керек» - деп атап өтті Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.
Жиында үкіметтік емес ұйымдардың елдің тұрақты дамуына қосып келе жатқан үлестері сөз болып, әсіресе, қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына тигізетін септігі туралы айтылды.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіМемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзіБаянды бастамалар жылы – Берік Уәлимен сұхбат