Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп жатыр – А.Сапаров

21-02-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға  дейін жеткізуді тапсырды. Осы міндетке орындау үшін Министрлік ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеп жатыр. Бұл жайлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ОКҚ алаңында хабарлады.

Ведомство басшысының айтуынша, жоспар аясында мемлекеттік қолдау мен қаржыландырудың қажетті шаралары қарастырылды. Салаға инвестиция тарту мақсатында биыл алдағы үш жылға арналған инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды. 

«Бұл ретте 2024 жылы тартылған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңге деңгейде болуы жоспарланған. Статистикалық деректерді өзектендіруді ескере отырып, Жол картасын іске асыру нәтижесінде 2024 жылдың соңына қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 7,4% - ға өсуін қамтамасыз етуге, ал бір жұмысшыға еңбек өнімділігін 5 млн теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді», – деді А.Сапаров.

Бес жыл ішінде аталған шаралар Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив