Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Қазақстанда 3 миллионнан астам баланы қосымша біліммен қамту жоспарлануда

21-02-2024, 17:35 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл шығармашылық үйірмелермен және спорт секцияларымен елімізде 3 миллионнан астам оқушы қамтылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

«Бүгінде оқушылардың 81,1%-ы қосымша біліммен қамтылған. Біз қосымша білім алу кезінде барлық балаларға тең мүмкіндіктер беруге тырысамыз. Биыл қамтуды 86,3%-ға дейін арттыру жоспарлануда», – деп атап өтті тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Балаларды қосымша біліммен неғұрлым көбірек қамту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарында 6 Оқушылар сарайын ашу жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив