Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.53 543.73 6.15

Ақсуат ауданында су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр

22-02-2024, 09:21 018.kz

Қазіргі таңда Ақсуат ауданында халықтың сумен қамтылуы 99,6 пайызды құрап отыр.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2023 жылы Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Көктүбек ауылында, Ойшілік ауылдық округіне қарасты Танамырза ауылында, Көкжыра ауылдық округіне қарасты Серіктес ауылында су құбыры желілерін салу жұмыстары аяқталды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аталған үш ауылда орталықтандырылған суға қол жеткізген тұрғындардың жалпы саны 908 адамды құрады.

Сонымен қатар, 2024 жылы Ақсуат ауылында (ұзындығы 22,8 шақырым), Қызылжұлдыз, Қожакелді, Сұлутал ауылында кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив