Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

«WorldSkills Abaі-2024» өңірлік чемпионатына дайындық тапсырмалары әзірленді

22-02-2024, 09:45 018.kz

Өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатына дайындық аясында «Болашақтың негізгі құзыреттері» облыстық форсайт-семинары өтті. Іс-шара халықаралық стандарттарға сәйкес өңірлік чемпионаттың құзыреттілік үлгілерін әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Екі күнгі семинар қаладағы 12 колледж базасында өтті. Оған 120-дан астам арнайы пән оқытушылары мен колледждердің өндірістік оқыту шеберлері, тиісті салалар бойынша өндіріс мамандары қатысты.

Сарапшылар өңірлік чемпионатқа қосымша ақпараттық қауіпсіздік, пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану, медициналық және әлеуметтік күтім, хореография, кірпіш қалау, кондитерлік өнімдер, мейрамхана қызметі, графикалық дизайн, ІТ-бизнес шешімдері, мобильді робототехника сияқты 52 құзырет бойынша тапсырмалар әзірледі.

Семинар қорытындысы бойынша «WorldSkills Abaі-2024» чемпионатының міндетті және қосымша құзыреттері бойынша бас сарапшылары мен олардың орынбасарлары сайланды.

Айта кетейік, өңірлік кәсіби чемпионат 2024 жылғы 15-19 сәуір аралығында өтеді. Оған облыстан 28 колледж 200-ге жуық қатысушы қатысады. Студенттер 52 құзыреттілік бойынша бақ сынайды. Іріктелген 34-ке жуық жеңімпаз республикалық кезеңге жолдама алады.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив