Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.91 499.05 5.3

Көкпекті ауданында онға жуық балабақша ашылады

22-02-2023, 09:07 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың айтуынша, Көкпекті ауданының Мамай, Романовка, Преображенка, Биғаш ауылдарында 20-25 бүлдіршін, Көкпекті ауылында 40-тан астам бүлдіршін балабақша кезегін күтуде.

️Аудан әкімінің айтуынша, 1 наурызда Биғаш ауылында толық күнді балабақша, Көкжайық ауылында «Бөбек лүпілі» жеке меншік балабақшасында 21 баланы қамтитын толық күнді топ ашылады.

- Өткен жылдың соңында Ақ ой ауылында 25 орынға арналған балабақша ашылды. Жалпы биылғы жылы күзге дейін 170-180 баланы балабақшамен, шағын орталықтармен қамтимыз. Бұл бағытта «мемлекет-жекеменшік» әріптестігін де пайдаланамыз. Сонымен қатар Биғаш ауылындағы 9 сыныптық негізгі мектепті орта мектепке айналдыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Қазірдің өзінде жоғары сыныптарға 80-ге жуық оқушы жиналды,- деді аудан әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив