Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мемлекет басшысының негізгі тапсырмалары талқыланған диалог алаңы өтті

23-02-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел экономикасын дамытудың алғышарттары мен  өзекті деп танылған мәселелерге қатысты 10 нақты бағытты айқындап берді. Осыған орай, бүгін агроөнеркәсіп саласына қатысты ел Президенті атап өткен тапсырмаларды талқылауға бағытталған диалог алаңы өтті.

Шараға Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы  Нұржан Есенжолов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Абай облысы бойынша филиалының директоры Асет Садвакасов қатысты.

Президент Үкімет отырысында атап өткен 10 бағыттың ішінде экономиканың басты механизміне айналған ауыл шаруашылығы саласы да назардан тыс қалмады. Мемлекет басшысы саланың түйткілді мәселелері - қажетті қаржының жеткілікті бөлінбеуі, инвестицияның тапшылығы екендігін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, қойнауына құт қонған киелі Семей өңірі аграрлық саладағы жоғары жетістіктерімен танымал. Өңірдің агроөнеркәсіп кешен саласының дамуына қатысты ауқымды жұмыстар атқарылуда.  Ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Жыл басындағы жаңа өзгерістер елдің экономикасына оң әсерін беріп, қабылданып жатқан шаралар саланың даму қарқынын одан әрі жеделдету үшін жақсы негіз болатынына сенімдімін» - деп атап өтті Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.

Кездесу барысында аграрлық несие корпорациясының ұжымы Мемлекет  басшысының барлық тапсырмаларын қолдайтындарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив