Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Еңбекмині мен Солтүстік Македония өкілдері әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

29-02-2024, 12:46 Мадина Айдарова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Солтүстік Македонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сали Лиманимен, сондай-ақ «Virtual communications service» компаниясының негізін қалаушы Африм Бунджакумен кездесу өткізді. Тараптар ынтымақтастық, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Назгүл Сағындықова сөз басында Солтүстік Македония өкілдеріне ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелеріне назар аударғаны, инклюзивті орнықты даму мақсаттарын іске асыруға қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын арттыруға және іске асыруға, олардың қоғамға етене араласуына бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдайтынын атап өтті.

«Бүгінде елімізде мүгедектігі бар 725 мыңға жуық адам тұрады, бұл халықтың жалпы санының шамамен 4%-ын құрайды. Министрлік мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер және әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады», – деді Назгүл Сағындықова. 

Сонымен қатар, Қазақстанда Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспардың 2-ші кезеңі іске асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың соңына дейін ҚР-да 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясаттың жаңа тұжырымдамасы қабылданатын болады. Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялады. 2024 жылдың наурыз айында БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінде Қазақстанның БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі конвенциясының орындалуы туралы 1-ші баяндамасы қорғалады. 

Вице-министр сонымен қатар Әлеуметтік кодексте көзделген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі жаңа тәсілдер, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Сали Лимани кездесуге ризашылығын білдіріп, маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін одан әрі тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Африм Бунджаку есту қабілеті бұзылған азаматтарға арналған мобильді қосымшаның жобасын ұсынды.

Тараптар есту қабілеті бұзылған азаматтарды инклюзиялау мәселелерінде ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив