Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Аягөз ауданында 28 отбасы баспаналы болды

1-03-2024, 12:17 Мадина Айдарова

Аягөз ауданында баспана кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттері табысталды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынынан 28 отбасыға Аягөз қаласында жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер берілді. Баспананы «әлеуметтік жағынан осал топ» ретінде кезекте тұрған отбасылар алды.

«Халықты баспанамен қамту мәселесі мемлекет үшін қашан да басым бағыттың бірі. Осы бағытта аудан көлемінде жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады», - деді аудан әкімі Қанат Әділбай.

Еске салсақ, аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады.

Анықтама:
Аягөз ауданында тұрғын үй алу кезегінде 1445 азамат тіркелген. Оның ішінде әлеуметтік осал топта - 667 азамат, көпбалалы отбасы санатында - 271 азамат, жетім балалар немесе ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санатында - 203 бала, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме жұмысшылары санатында - 287 азамат, заңнамаға сәйкес үйі апатты деп танылған азаматтар кезегінде - 17 отбасы бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив