Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен Италия үкіметтері арасындағы келісім бекітіледі

5-03-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленген жерлердің мәртебесіне қатысты келісімді бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады.

Қаулы жобасы 2024 жылғы 18 қаңтарда Римде жасалған Қазақстан мен Италия үкіметтері арасындағы келісімнің күшіне енуі жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында әзірленді. 

Құжат екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тараптар мемлекеттерінің аумақтарында қаза тапқан қазақстандық және итальяндық әскери қызметшілердің жерлеу орындарының мәртебесіне қатысты ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқықтық негіз жасайды. 

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 18 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14963706 бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив