Абай облысында 102 әлеуметтік нысан салу жоспарлануда
2024 жылы өңірде 102 әлеуметтік нысан салу жоспарда бар. Бұл тізімде ең көп денсаулық сақтау нысандары – 67. Айта кететіні, жобалардың бір бөлігі өткен жылы басталған. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде облыстық құрылыс басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков мәлімдеді.
2023 жылы басталған 14 нысан бар. Олардың қатарында Мақаншы ауданында балабақша, Бородулиха ауданыныда денешынықтыру және сауықтыру орталығы, Көкпекті ауданында бассейн, Үржар ауданында мәдениет үйі және тағы басқа нысандар бар.
Облыстағы мектептерде оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін құрылыс басқармасы 2024 жылы білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 12 жобаның ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл алты шағын мектеп және жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша ғимараттар салу жоспарланып отыр.