Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында құрылыс саласы ерекше бақылауда

5-03-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Өткен жылы облыстық құрылыс басқармасы салынып жатқан нысандарға тексеру жүргізіп, үш нысан бойынша келісім-шарт тоқтатылған. 

Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында атап өткендей ұзаққа созылған құрылыстың негізгі себебі қаражаттың жетіспеушілігі болып табылады.

— Құрылыс мерзімдеріне қатысты кез келген объектінің нормативтік мерзімі мен құрылыс ұзақтығы болады. Бұл мерзімдер сараптама қорытындысына сәйкес көрсетіледі. Мерзім ұзақ немесе қысқа болуы мүмкін, сонымен қатар мерзімдер келісім-шарттық қатынастарға байланысты. Егер құрылысты басқару объектілері туралы айтатын болсақ, яғни уақыттан кешігу фактілері болуы мүмкін. Бірақ бұл әдетте қаржыландыруға байланысты – бастапқыда қаражаттың бір бөлігі бөлінеді, қалған қаражат кейіннен бөлінеді. Сондықтан құрылыс нормативтік мерзімнен сәл асады, - деді Айдын Бегімбеков.

Басқарма басшысы өткен жылы үш нысан бойынша сот отырысында жеңіске жеткеніндігіне тоқталды. 

— Біз барлық жобаларымызға заңды қолдау көрсетеміз. Өткен жылы үш келісім-шартты біржақты тәртіппен бұзуға өтініш бердік, барлық сот процестерінде жеңіске жеттік. Соңында біз мердігерлермен медиациялық келісімге келдік. Сондықтан, осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деп қорытындылады спикер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив