Жыл басынан бері облыстық кардиохирургтар күрделі 8 ота жасады
Абай облысының тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында кардиохирургия саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен биыл Жедел медициналық жәрдем ауруханасында алғаш рет ашық жүрекке сегіз ота жасалды. Бұл нәтижеге дәрігерлердің және аурухананың барлық медициналық қызметкерлерінің жоғары кәсібилігінің арқасында қол жеткізілді.
Жедел медициналық жәрдем ауруханасында осындай ота жасауды қолға алу арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресуге септігін тигізеді. Аурухана мамандары жүрек ауруларының күрделі түрлерімен күресуге және науқастардың толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретін озық технологиялар мен әдістемелерді енгізді.
Жалпы, аурухана Абай облысының 600 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Қабылдау-диагностикалық бөлімше жыл сайын 36 000 науқасты қабылдайды, оның 18 000-ы ауруханаға жатқызылады. Жылына 9000-нан астам хирургиялық және травматологиялық операциялар жасалады.
Анықтама: Көпсалалы аурухана «2013 жылы 100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Онда 375 орын, оның ішінде 165 терапевтік бейіндегі және 210 хирургиялық орын бар. Сондай-ақ ауруханада 10 бірегей мамандандырылған бөлімше бар: инсульт орталығы, эндокринологиялық, гематологиялық, сондай-ақ жедел және созылмалы коронарлық патология мен гипертонияға арналған кардиологиялық бөлімшелер. Сонымен қатар, политравма және ортохирургия бөлімдері, урологиялық бөлім бар.