Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Шуақ кентіндегі жылу жүйесі тұрақты

6-03-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданының Шуақ ауылындағы төтенше жағдайға байланысты, жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен жедел шаралар атқарылды. Аудан әкімі басшылығымен штаб тоқтаусыз жұмыс жүргізді. 

Жылыту жүйесін қалыпқа келтіруге қосымша дәнекерлеуші, сантехник мамандар тартылды. Аудан әкімдігі тарапынан 356 жылу батареялары мен қажетті материалдар жеткізіліп, оларды орнату және тұрғын үй жертөлелері мен құбырларды жылыту жұмыстары жүргізілді. 

Жалпы жөндеу жұмыстарына ауданның 19 округінен 100 адам, кәсіпорындар мен мекемелерден 25 адам, 25 ерікті жұмылдырылды. ​Қазіргі таңда №1 қазандық іске қосылып, жылу беру температурасы 62 градусты құрайды.   

Анықтама: Шуақ кентіндегі қазандықтың тұтынушылары 283 абонент: 8 көппәтерлі тұрғын үй, фельдшерлік-акушерлік пункт, балабақша, мектеп және ОВ-156/23 түзету мекемесі. Бүгінде барлық тұрғын үйлерге жылу берілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив