Абай облысы бюджетінің игерілуі туралы ақпарат
2024 жылға арналған Абай облысы бюджетінің жылдық көлемі 419 404,4 млн теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет – 307 121,6 млн теңге, қалалар мен аудандар бюджеті – 112 282,8 млн теңге.
Ағымдағы жылдың 2 айы бойынша 41 679,0 млн теңге жоспарда (облыстық бюджет – 33 136,2 млн теңге, қалалар мен аудандар бюджеті – 8 542,8 млн теңге) 41 040,9 млн теңге немесе 98,5% игерілді (облыстық бюджет – 32 558,7 млн теңге, қалалар мен аудандар бюджеті – 8 482,2 млн теңге).
Бөлінген қаражаттың негізгі көлемі келесі салаларға бағытталды:
- Білім беру – 22 900,4 млн теңге;
- Көлік және коммуникация – 3 802,1 млн теңге;
- Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 2 844,9 млн теңге;
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 2 645,7 млн теңге;
- Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 2 188,9 млн теңге;
- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 1 906,3 млн теңге;
- Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі - 1 212,3 млн теңге;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1 018,1 млн теңге;
- Өзге салаларға – 2 522,2 млн теңге.
Ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша облыс бюджетінің игеру көрсеткіші 98,5% құрады. Игерілмеген қаражат қалдығы мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ресімдердің аяқталмауына байланысты, үнемдеулер есебінен және басқа да шығыстардан қалыптасты.