Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында «ҰЛТТЫҚ STYLE» сән көрсетілімі өтті

20-03-2024, 12:17 Мадина Айдарова

«НАУРЫЗНАМА» онкүндігі аясында «Ұлттық киім күніне» орай «Невзоровтар отбасы» бейнелеу өнері музейі алаңында «Облыстық мәдениет және халықтық шығармашылық орталығы» ұйымдастыруымен «ҰЛТТЫҚ STYLE» сән көрсетілімі өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық киімді насихаттау және әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін сақтап озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға үйрету болып табылады.

- Бүгінгі іс-шара бәрімізге белгілі еліміздегі биыл бекіген наурызнама тұжырымдамасы аясында өтуде. Бұл жерде тек ұлттық киім ғана емес қаламыздағы қол өнер шеберлерінің әшекей бұйымдары және өз қолдарымен жасаған басқа да бұйымдар көрсетіледі, - деді  Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Ерлан Сұлтанов.

Абай облысы бойынша шығармашылық, эстетикалық және сән дамуының озық мектебі ретінде саналатын «BRILLIANT MODELS» мектебінің негізін қалаушыларымен бірлесіп, үш негізгі «Руна», «Құлыншақ», «Жанна Баймұратова» сән көрсетілімдері ұсынылды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншілері Жазира Әзілқияшова, Әділет Серіков, Айгуль Каримова қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап өз өнерлерін көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив