Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.82 627.1 6.78

Шар қаласының спорт мектебіне жаңа автокөліктің кілті табысталды

21-03-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен Шар қаласындағы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалына жаңа автокөліктің кілті табысталды.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов жаңа автомобиль спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жасөспірімдердің спорттық шеберлігін дамытуға тікелей ықпал ететінін атап өтті.

«Спортшылардың айтқан ұсыныс-тілектерін ескеріп, спорт мектебіне жаңа көлік беріліп отыр. Алдағы уақытта жарыстарға «Газель» автокөлігімен қатынайды. Жастардың спортқа деген ынтасы артып, байрақты бəсекелерде биік тұғырдан ғана көрінеді деген сенім зор», -деді Ержан Әбілқасымов.

Сонымен қатар, Шар қаласының тұрғындары Жан Шыңғыс және Абдур-рахим Мұратхан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атанды.

Анықтама: қалалық спорт мектебінде спорттың 5 түрінен 200-ге жуық жасөспірім жаттығады. Оқу-жаттығуды 8 жаттықтырушы өткізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив