Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Абай облысы Медеу Сәрсекені ақтық сапарға шығарып салды

22-03-2024, 10:54 018.kz

Бүгін облыс тұрғындары қазақ ғылыми – фантастикалық әдебиеті жанрында өшпес із қалдырған, драматург, қоғам қайраткері, Абай облысының еңбек сіңірген азаматы Медеу Сәрсекемен қоштасты.

Оның әдебиеттегі алғашқы қадамы 1955 жылы басталып, 1959-1965 жылдары қазақ тілінде бірқатар ғылыми-фантастикалық повестер мен эсселері жарық көрді. «Жетінші толқын» шығармасы бірнеше рет 100 мың данамен қайта басылып, КСРО-да кеңінен танымал болды. Осы басылымдардың арқасында жазушы КСРО Жазушылар одағына қабылданды (1962). Қазақ әдебиеті тарихында Медеу Сәрсекеге дейін ғылыми-фантастикалық жанрдағы жазушы болмаған, сондықтан сыншылардан «Қазақ фантастикасының пионері» атағын алды.

Медеу Сәрсеке жас сахнагерлердің  бірнеше ұрпағын тәрбиелеген тәлімгер, әрі ұстаз болды. Оның қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиетінің дамуына қосқан үлесі мәңгі есте қалады.

Медеу Сапаұлы Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Жазушының қазақ тілінде 43-тен астам, орыс тілінде 20-дан астам басылымы жарық көрген. 

Жазушы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Абай облысының Құрметті азаматы».

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив