Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.82 627.1 6.78

Семей қаласының әкімі Наурыз мейрамымен құттықтады

22-03-2024, 09:21 018.kz

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Баршаңызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! 

Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Наурыз мейрамы жаңа тұжырымдама аясында ұйымдастырылуда. Семей қаласында «Наурызнама» онкүндігін тойлау дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды ұштастырып жоғары дәрежеде кеңінен атап өтілуде.

Әз Наурыз - табиғатты түлетіп, тұрмысты түзететін, тіршілікке нәр беріп, ынтымақ пен береке  әкелетін жақсылықтың жаршысы іспеттес. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, күн мен түнді теңестіріп, тұрмыс - тіршілігін Табиғат - Анамен тығыз байланыстырған Наурыз - жаңару мен жасарудың, жаңғырудың айы. Семей жұртшылығы қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады.

Ұлыс күні – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы сарқылмас тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз баршаңыздың шаңырағыңызға ырыс пен несібе әкелсін!

Құрметпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив