Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Көкпекті ауданында Наурыз мейрамы тойлануда

22-03-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданының барлық елді мекендерінде жыл басы — әз-Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтуде.

Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту мақсатында ауданда 14-23 наурыз аралығындаНаурызнама онкүндігі жарияланып, аудан көлемінде 312 іс-шара өткізілді. 

Аудан орталығы Көкпекті ауылының Ұлы Дала Елі алаңында Наурыз мейрамына арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. 

Мерекелік шараға Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, барша аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Аудан ақсақалы Амантай Нұрғалиев ақ батасын берді. 

Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық тағамдар, киіз үйлер көрмесі және қазақ күресі, садақ ату, қой көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив