Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Аягөз ауданында жоғалған азаматтар көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына еш қатысы жоқ

28-03-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қарағаш ауылының 2 азаматы Борлы өзенін трактормен қиып өтпекші болған кезде батып қалған. Олар «Шалқар» шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан. Жолда ер адамдар жолды қысқарту үшін өзеннен өтуге тырысқан, бірақ олар өзеннің ортасында қалып қойған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына келген құтқарушылар тұрғындарды таппады.

Сондай-ақ, 23 наурыздан бастап 1977 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша Аягөз өзенінен өтпек болған кезде, аттан құлап суға батып кеткен. Ер адамның «Шығыс» шаруа қожалығына қарай жолға шыққаны анықталды.

27 наурыз күні сағат 18:26-да Семей қаласының Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен Борлы өзенінің аумағын аэровизуалды ұшу жүзеге асырылды.

Іздестіруге ТЖД, полиция департаментінің, Абай облысының жергілікті атқарушы органдарымен, барлығы 82 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. 

Жоғалған азаматтардың отбасына ТЖД-нің психолог мамандары тарапынан көмек көрсетіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив