Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Семей қаласы шаруашылықтарының көктемгі дала жұмыстарына дайындығы

19-03-2024, 16:09 018.kz

2024 жылға егістік алқаптарының алдын ала құрылымы шаруашылықтармен айқындалды, жалпы егістік алқабы 18 600 га құрайды.

Дала жұмыстарына 51 шаруашылық   субъектілері қатысады, сонымен қатар жеке аулалардағы, саяжай алқаптарындағы жерлерге де ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі.

Аталған алқапта 1 567 га дәнді, 3 464,8 га жерге картоп, 1 525,3 га көкөніс және бақша, 5 477 га алқапқа майлы дақылдар егіледі. Азықтық дақылдардың көлемі 6 565,9 гектар.

Шаруашылық жүргізуші субъектілері сапалы тұқыммен толық көлемде қамтылады және субсидияланатын  1 005 тонна   минералдық  тыңайтқыштарға өтінім берді.

Көктемгі дала жұмыстарына 1 литріне 248 теңгеден 251 тонна дизель отыны бөлінген, «Sati Oil» ЖШС оператор болып айқындалды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникасы жеткілікті, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ғылыми мекемелердің ұсынған қорытындылары бойынша, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімі 20 сәуір - 15 маусым аралығы.

Семей қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив